Англия патшайымы Елизаветта екінші, Ұлыбританияның Еуропалық
одақтан шығуы туралы референдумның өткізілетінін растады. Бұл жайлы «Рейтерс» жазады. Агенттік бұл маңызды науқан 2017-жылдың соңына дейін
жүргізілетінін хабарлаған. Мамырдың
басында өткен сайлауда Консервативті партия жеңіске жетіп, Парламенттегі
орынның басым бөлігіне ие болды. Бұдан соң премьер-министр Дэвид Кэмерон
Ұлыбританияның Еуроодақтағы мүшелегіне байланысты референдум өткізуге уәде
берді. Кейін Лейбористтік партия да өз ұстанымдарын өзгертіп, референдумды
қолдаған болатын. Бүгінде Британия Еуроодаққа мүше, бірақ Еуроаймақ пен Шенген
аймағына кірмейді. Қазір Кэмерон еуроинтеграцияны шектеу және Біріккен
Корольдіктегі ішкі жұмыстарға Брюсселдің ықпалын азайту туралы пікірін халық
алдында ашық білдіріп жүр.
Елизаветта II Ұлыбритания
патшайымы:
Ұлыбританияның Еуроодаққа
мүшелігі туралы жаңа келіссөз жүргізуге мүдделіміз. Сонымен қатар, Біріккен
Корольдіктің Еуроодақтан шығуы жөнінде заң жобасын да әзірлеуді бастайды. Бұл мәселе 2017 жылдың аяғына дейін дауысқа түседі.
Петропавл мен Омск ынтымақтастықты нығайтпақ. Мемлекетаралық агроөнеркәсіптік кластер құру жайы, Солтүстік Қазақстан облысына ресми сапармен келген Омбы делегациямен кездесуде сөз болды. Бастаманы Ресейдің шекарлық аймағы губернаторы Виктор Назаров көтерді. Ол «Қызылжар мен Омбы өңірлері астықты өлке, сондықтан бұл аймақтарда сапалы ауыл шаруашылығы техникасын шығару керек», -дейді. Солтүстік Қазақстан облысының басшысы, агроөнеркәсіптік кластерін Еуразиялық экономикалық одақ аясында құруға болатынын айтты.
Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Қазір біз Солтүстік Қазақстан облысында мықты ауыл шаруашылығы
техникасын шығаруды көздеп отырмыз. Кейін оны барлығына сату керек.
Экономикалық одақ аясында екі елдің заңнамалары да ұқсас болып келеді. Бұл
біздің болашақтағы ортақ кластерімізге негіз болмақ. Мен, екі елдің қарқынды
дамуында кластердің сүбелі үлесі боларына сенемін.
Абзал ҚҰРМАНКИН