$498.51 €522.84 ₽4.81
×

2016 жылы елде 60 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

AstanaTV
11.02.2016ж. 20:00
1653
2016 жылы елде 60 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

2016 жылы елде қосымша 60 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оған бюджеттен 100 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді.

Мұның барлығы дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы аясында қолға алынып жатқан шаралар. Сондай-ақ   Кәсіподақтар федарациясымен 2,3 млн жұмысшының құқын қорғайтын қосымша 75 мың меморандумға қол қойылған. Ұжымдық шарттар жасалды. Жаңа Еңбек кодексінің аясында жұмысшылар қауіпсіздігі мен жалақысына қатысты да мәселе қаралуы тиіс. Былтыр Бас прокуратура жұмыс берушілердің еңбеккерлер алдындағы берешегі 4,1 млрд теңгеге жеткенін анықтады. Өндіріс барысында зардап шеккендер саны 1723 адам болса, оның 251-і қаза тапқан.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Басты мақсат - жұмыссыздықпен күресу. Тез жұмыс орындары ашу. Тек транспорттық инфрақұрылым саласында 400 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. «Жұмыспен қамту картасы» бағдарламасы жалғастырылуда. Қосымша кеше президент айтқанда 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Оған 100 млрд теңге бөлінгелі отыр. 

Құралай ПИОНЕР