Кенеден
келген кесел! Жамбыл облысында «конго-қырым безгегімен» екі адам ауруханаға
жатқызылды. Науқастың бірі «вирусты сауын сиырды кенеден тазартып жүргенде
жұқтыруым мүмкін» дейді. Қазір олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем
қабылдап жатыр.
Әлімжан
Беспаев, Қапал ауылының тұрғыны:
Басым
ауырды. Құсқым келді. Бірақ құсқан жоқпын. Температурам көтеріліп 39-ға дейін
барды. 40- қа жетпеді. Жетпесе де жеткендей болды. Ертесіне өзіміз
амбулаторияға барып қан тапсырып. Сөйтіп осында келдім.
Жалпы
Жамбыл облысы бойынша Мойынқұм ауданы «конго-қырым кеселінің» негізгі ошағы
саналады. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, Сарысу,
Мойынқұм және Талас аудандарының 49 елді-мекені қауіпті аумақтарға жатады. Бұл
өңірде 70 мыңнан астам тұрғын бар. Қазір эпидемиолог, энтомолог мамандар кене
көп тараған аймақтарда алдын алу, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Олар
жуырда ғана жайылым жерлерден 30 мыңнан астам кене жинапты. Зерттей келе, 3,7
пайызынан жұқпалы безгек вирусын анықтаған.
Гүлфайра
Мырзабекова, Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
басшысының орынбасары:
Ауыл
шаруашылық малдардың миграциясы бар. Сондықтан осы малдармен бірге кенелер де
келуі мүмкін. Кенелердің ішінен осы індеттің қоздырғышы болуы мүмкін. Сондықтан
ешқандай кепіл жоқ дейді, ана жерде мына жерде болмайды деген кепіл жоқ.
Данияр
ӘЛІМҚҰЛОВ