$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Британдық теңіз күзеті Жерорта теңізінде 369 мигрантты құтқарды

AstanaTV
29.05.2015ж. 13:00
830
Британдық теңіз күзеті Жерорта теңізінде 369 мигрантты құтқарды

Британдық теңіз күзеті Жерорта теңізінде тұтылған 369 мигрантты тағы ажалдан құтқарды. Алайда аман қалған босқындардың енді қайда барары белгісіз. Соңғы уақытта әлем елдерінде құтқарылған мыңдаған босқындар арасында африкалықтардан бөлек, Азия тұрғындары да бар. Бір жетінің ішінде Мьянма мен Бангладештен Тайланд, Малайзия және Индонезия аумағына 3 мың адам заңсыз өтпек болған. Бүгін Бангкогтке Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ өкілдері бас қосып, осы мәселені талқылады. Солтүстік Африкадан ағылған босқындарға қатысы ортақ саяси шешім қабылдаған. Еуропалық одақ елдеріне қарағанда, Оңтүстік -шығыс Азия елдері бұл проблеманы шешуге асықпайтын сияқты. Бангкокке жиналысқа жауапты министрлерді емес, қатардағы шенеуніктерді жіберуі осының бір айғағы. Ал, Мьянма билігі кездесуді мүлдем елеген жоқ.

Мөлдір ДЮСЕКИНА