$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасында ішек таяқшалары бактериясы анықталды

AstanaTV
29.05.2015ж. 20:00
1587
Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің асханасында ішек таяқшалары бактериясы анықталды

Қостанайдағы қазақ-түрік лицейі оқушыларының жаппай улану себебі анықталды. Мектеп асханасында зертханалық тексеріс жүргізген мамандар ішек таяқшаларының  бактериясын тапқан. Бұл жайында біздің арнамызға облыстық тұтынушылар құқығын қорғау депратаментінің өкілдері айтты.

Юрий Севостьянов, Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

Ыдыс-аяқ жуындыларынан және тақтайдың үстінен ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталды. Жаппай улану фактісі бойынша материал әзірленіп, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар біздің департамент мектеп асханасының жұмысын тоқтату туралы сотқа талап-арыз берді.

Еске салайық, 10 күн бұрын лицей шәкірттері сабақ кезінде асханада тамақтанға соң өздерін жайсыз сезініп, денсаулықтарына шағымдана бастаған. Қазіргі таңда 14 оқушы түгел жазылып, үйіне жіберілді, - дейді аталған департамент өкілдері.

Соңғы жарты жылда қазақ-түрік лицейінде оқыс оқиға үшінші рет қайталанып отыр. Өткен жылдың желтоқсанында мектепте түскі ас ішкен оқушылардың 37-сі дәрігер көмегіне жүгінген болатын. Ол кезде лицей асханасынан стафилококк бактериясы табылған. Кейін тағы төрт шәкірт тамақтан ұшынды. Алайда, тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді. Бірақ бұл жолы кінәлі адамдар жазадан құтылмайтын сыңайлы. Енді санитарлық- эпидемиологиялық ережелерді сақтамаған жауапты тұлға сот алдында жауап бермек. 

Заңғар САНАЙ