$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қостанай қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан екі үміткер тіркелді

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
1850
Қостанай қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан екі үміткер тіркелді

Қостанай қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан тағы екі үміткер тіркелді. Бүгін қалалық мүгедектер қауымдастығының төрағасы Владимир Сова мен емхананың бас дәрігері Ольга Игимбаева құжаттарын тапсырды. Владимир Сова нөмірі 19 округ бойынша, Ольга Игимбаева 14 округ бойынша депутаттық мандаттан үміткерлер тізіміне енгізілді. Мүгедектер қауымдастығы өкілі: "Қалалық мәслихаттан орын бұйырса, кемтар жандардың мәселесін көтеремін",- дейді.

Владимир Сова, Қостанай қалалық мүгедектер қауымдастығының төрағасы:

Елбасының халыққа жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар туралы көп айтылды. Бірінші кезекте инватакси мәселесі тұр. Орнатылмай жатқан пандустар, басқа да өзекті мәселе көп. Біздің жақта мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделіп салынған ғимараттар өте аз.

Сайлау комиссиясының ақпарына сәйкес, бүгінге дейін облыстық мәслихат депутаттығына 112, қалалық мәслихатқа 193, ал аудандық мәслихатқа 613 үміткер тіркелген. Барлығы 918 адам. Оның 305-і өзін өзі ұсынған.

Заңғар САНАЙ