Биньямин Нетаньяху Палестина
мемлекетінің құрылуына қарсы емес. Бұл мәлімдемені Израиль премьер-министрі
Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайермен кездесуден соң
жасады. Нетаньяху өз сөзінде палестиналықтарды келіссөзге үндеді. Сондай-ақ,
мүмкіндікті пайдаланып, бұл жоспарын Германия Сыртқы істер министрімен бөлісті.
2015
жылдың 19-шы наурызында Израиль премьер министрі-Палестина үкіметіне-«Хамас»
ұйымымен келісімді тоқтатып, тек Израильмен келісімге келу керектігін жеткізді.
Биньямин
Нетаньяху, Израиль
премьер-министрі:
Мәселені тек келіссөз арқылы
шешуге болады. Екі
ел көрші болғандықтан, бір-бірінен ажырамасы анық. Біз Палестинаны мойындауға
қарсы емеспіз. Бірақ, палестиналықтар - Израиль еврей мемлекетінің
тәуелсіздігін мойындап, тікелей келіссөзге келсін. Өкінішке орай,
Палестина үкіметі әзірше бас тартып отыр.
Самат
ҚАНАҒАТОВ