$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ауыл шаруашылығы министрі - Кәсіпкерлердің жер алу мәселесі қиындап отыр

AstanaTV
02.06.2015ж. 10:00
1275
Ауыл шаруашылығы министрі - Кәсіпкерлердің жер алу мәселесі қиындап отыр

Ауыл шаруашылығы министрі жер ресурстарын пайдаланудағы проблемаларды жайып салды. Асылжан Мамытбековтың айтуынша, елімізде мал ұстап, егін егемін дейтін кәсіпкерлердің жер алу мәселесi қиындап кеткен. Өйткені, жерді жалға беру, не бермеу шешімін әр жердегі әкімдер қабылдайды. Бұл дұрыс емес, - дейді Асылжан Мамытбеков. Сондықтан, министр бүгінде арнайы комиссия құрылып, бұл мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқанын айтты. Айта өтейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша100 нақты қадамында» аграрлық секторға ерекше ден қойды. Президент жер телімдерін мақсатты игеру мен егін және мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

Жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерінің жер ресурстарын дұрыс, рационалды түрде пайдаланбау болып отыр. Екіншіден, біздің Қазақстанның кең байтақ жері бар болғанымен, жаңадан бизнес ашамын, өзінің бизнесін ұлғайтамын деген кәсіпкерлерге жер алу мәселесі өте күрделеніп барады. Бұл міне, екі полярлық жайт. Бір жағынан жер бос болып отыр, пайдаланылмай жатыр. Оның жайылымдарында мал жоқ. Егістіктерінде егіс жоқ. Екінші жағынан мал ұстаймын, егін егемін дегендерге жер жоқ.

Берік ХАСЕНОВ