Жапондық
шенеуніктерге жұмысқа жеңіл-желпі киіммен келуге, ресми түрде рұқсат берілді.
«РИА-жаңалықтарының» ақпарынша, мемлекеттік қызметтегілер енді қыркүйек айына
дейін жұмысқа гавайлық үлгідегі жиде, қысқа шалбар мен жазғы ашық аяқ-киіммен
келе алады. Ал,
Үкімет мүшелері Окинаваның оңтүстік бөлігіне тән түрлі-түсті ұлттық «кариюси»
киімін кимек. Осылайша шенеуніктер маусым мен қыркүйек арасында әдеттегі пиджак
пен галстуктан құтылмақ. Ауа баптағыш құрылғыларда 28 градустен төмендемейтін
болды. Бұл - энергияны үнемдеу үшін жасалып отырған қадам екенін билік басындағылар жасырмайды.
Әсем
МҰХИТОВА