$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейде қазақ генералын түрмеден аман алып қалмақ болған азамат ұсталды

AstanaTV
02.06.2015ж. 13:00
1243
Ресейде қазақ генералын түрмеден аман алып қалмақ болған азамат ұсталды

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановты босатуға көмектескісі келген Қазақстан азаматы Ресейде сотты болып жатыр. Осы елдің Бас прокуратурасы Нұрәлі Ташкентбаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, - деп хабарлайды Коммерсант басылымы. Жоламанов істі болып жатқанда, Нұрәлі Ташкентбаев оның Мәскеудегі туыстарына шыққанға ұқсайды. Сөйтіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінің экс директорын түрмеден аман алып қалуға уәде беріп, еңбегі үшін 1,5 млн. доллар сұраған. Ташкентбаев өзін құрығы ұзын, мүмкіндігі жоғары адам ретінде таныстырады. Нәтижесінде Жоламановтың туыстарынан желтоқсанда 550 мың доллар алып үлгереді. Осыдан кейін оны Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі тұтқындады. Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. «Ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны» және «аса ірі көлемде пара алғаны» үшін айыпты деп танылған ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ