$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Венесуэлада төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
1809
Венесуэлада төтенше жағдай жарияланды

Венесуэла парламенті азық-түлік жетіспеушілігіне орай елде төтенше жағдай жариялады. Заң шығарушы орган өкілдері президентті халықаралық қауымдастықтан көмек сұрауға үндеп отыр. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды.

Егер шұғыл шара қолданбаса, 30 миллионнан астам халқы бар елде ашаршылық орнайтын түрі бар. Мұнай құнының құлдырауына байланысты 300-ден астам азық-түлік өндіретін кәсіпорын банкрот болған. Венесуэлада электр қуатының жетіспеушілігі байқалуда. 100-ден аса ірі сауда орталықтары қуатты үнемдеу мақсатында жұмысын тоқтатты. The Wall Street Journal латын америкасындағы бұл ел дефолтқа ұшырайды деп болжаған. Бірақ инвесторлар бұл уақытша құбылыс екенін айтуда.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА