$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматы 2022 жылы Ақ олимпиаданың астанасы атана алмауы мүмкін

AstanaTV
02.06.2015ж. 13:00
1246
Алматы 2022 жылы Ақ олимпиаданың астанасы атана алмауы мүмкін

Алматыда 2022 жылы Ақ олимпиада өтпеуі мүмкін. Оған экологиялық және қаржылық проблемалар кедергі келтіруі ықтимал. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті бағалау комиссиясының есебінде жазылған. Онда «Алматыда ауа ластанған, әсіресе қыс айларында спортшылар мен қатысушыларға кері ықпал етуі мүмкін» делініпті. Оның үстіне, ойындарды өткізуге ұсынылған аймақтар - Алматау және Ақбұлақ тау шаңғысы курорттары ұлттық саябақтың бір бөлігі болып табылады. Олимпиада комитеті «Спорт нысандарын салу таулы аудандардың экологиясына кері әсерін тигізуі ықтимал» деген қорытындығы келген. Сондай-ақ, Халықаралық ұйым есебінде Алматының қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін екені де аталады. Мұнай бағасының төмендеуі, жергілікті валюта бағамына қатысты проблемалар, экономикалық қиыншылықтар ауқымды спорт шарасын өткізуге кері ықпалы тигізуі ықтимал делінген құжатта. 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданың қайда өтетіні 31 шілдеді Куала-Лумпурда Халықаралық Олимпиада Комитетінің 128-сессиясында белгілі болады. Ойындарды өткізуге Алматы мен Бейжің үміткер болып отыр.

Берік ХАСЕНОВ