Украинада «мемлекетпен
кепілдендірілген қарыз, мемлеттік және жергілікті қарыздармен келісім-шартты
іске асырудың ерекшеліктері туралы» заң күшіне енді. Яғни, бұдан былай
үкіметтің сыртқы борыштарды өтеуге мораторий жариялауға мүмкіндігі бар, - деп
хабарлайды ТАСС агенттігі. Мәселен, 2013-жылы Ресейден 3 млрд долларға сатып
алған еуробондтары жеке несие болып саналғандықтан, мораторийге ілінуі мүмкін.
Алайда, бұл қарызды жеке несиеге жатқызуға келіспеген Мәскеу, борыштың
уақытында өтелуін талап етіп отыр. Жоғарғы Рада бұл
құжатты мамырдың он тоғызында бекітті. Ал мамырдың жиырма сегізінде Украина
Президенті Петр Порошенко қол қойды. Үкіметтің пайымдауынша, жаңа заң
мемлекеттік активтерді және ел азаматтарын «нашар кредиторлардан» сақтау
мақсатында шыққан. Ал сарапшылардың пікірінше, аталмыш қарекет - «дефолтқа»
бағытталған алғашқы қадам. Бұл - қазіргі ел басшылығының экономиканы
дағдарыстан алып шыға алмауының белгісі, - дейді экономистер.
Абзал ҚҰРМАНКИН