Энергия
тасымалдаушы компаниялар саны жаппай қысқарады. Әр облыста бір немесе екі
тасымалдаушы ғана қалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен
брифингте Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев айтты.
Тиісті заң жобасын жұмыс тобы талқылап жатыр. 90-шы жылдардағы жекешелендіру
кезінде энергия тасымалдаушы компаниялар жаппай сатылып, бөлшектеніп кеткен. Қазір
бір ғана Қарағанды облысында 40 шақты тасымалдаушы компания жұмыс істейді. Енді
оларға қойылатын талап күшейтілмек. Ал бұл талаптарға көбі сәйкес келмейді,
сөйтіп, әр аймақта 2-3 тасымалдаушы ғана қалады дейді, вице-министр. Заң
қабылданған соң, 2-3 жыл ішінде ұсақ компаниялар біріктіріледі немесе
таратылады.
Сұңғат
Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі
Атом және энергетикалық қадағалау комитеті төрағасы:
Біріншіден, оған лицензия енгізіледі. Қазргі кезде оған лицензия қажет жоқ. Сол лицензияны
алу үшін тиісті квалификациялық талаптар болады. Соған сәйкес келу керек. Ол не
сату керек, не ірі электр энергия жүйелеріне жалға беру керек.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ