Ақмола облысында 17 жасар
бозбала өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы құқық қорғау қызметкерлеріне сілтеме
жасап, «Қазақпарат» хабарлайды. Полиция
мәліметінше, «Қайғылы оқиға 2-маусымда Есіл ауданының Жаныспай ауылында орын
алған. 11 сынып оқушысы, 1998 жылы туған бозбала өз үйіндегі мал қорада асылып қалған.
Жасөспірімнің мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Тек, оның ата-анасы
бар екені, және көрші Ковыльное селосындағы орта мектепте білім алғаны
анықталып отыр. Құқық қорғау өкілдері әзірге «тексеріс жүріп жатыр» деумен ғана шектеліп отыр.
Мөлдір ДЮСЕКИНА