Бүгін Өскеменде ҰБТ-ның алғашқы
күнгі қорытындысымен келіспеген ата-аналар мен түлектер тестілеу орталығына
аппеляциялық шағым түсіруге жиналды. Алайда олар бірнеше сағат бойы кезекте
тұруға мәжбүр болды. Ақырында ата-аналармен, сондай-ақ журналистермен Білім және
ғылым министрлігінің өкілдері жабық есік арқылы тілдесті.
Будьте добры пригласите представителя
Министерства образования и науки их что еще нет на месте? Очень сложно с вами
разговаривать через закрытую дверь и темное стекло…. А вы даже не
разговариваете с нами?
Ата-аналар министрлік
өкілдерінің тек шағым түсіру ережелерін түсіндіруін сұраған еді. Айта кетерлігі,
Шығыс Қазақстан облысы тестілеуден биыл алғаш рет төмен нәтиже көрсетіп отыр.
Мәселен, Семейде емтиханның бірінші күні орташа көрсеткіш 75 баллды құрады.
Өскеменде 83 балл. Тұрғындардың айтуынша, өткен жылдары Ұлттық бірыңғай
тестілеу бойынша өңірдегі көрсеткіш 90-93 баллдан кем болмаған. Сондықтан,
сынақтың алғашқы күнінде көрсеткіштердің тым төмен болуы күдік тудырса керек.
Ал Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, мың жарым түлектің үштен
бір бөлігі оқуын жақсы бітірген. Олардың кейбірі шетелдік Жоғары оқу орындарына
түсіп те үлгерген. «Сондықтан үздік оқушылар тестілеуден бас тартты.
Көрсеткіштердің төмен болу себебі осы» - дейді ведомство өкілдері. Бүгін
ата-аналар «Алтын белгіге» 1-2 баллы жетпей қалған балалардың тест
қортындыларын тексеруді өтініп министр Аслан Сәрінжіповке хат жазды.
Раушан Маратова, түлектің анасы:
Балам көп оқып, көп еңбектенді.
Сонда, екі-ақ балл жетпей қалды. Дайындық кезінде біз 124, 123 балл жинап жүргенбіз.
Тест алдында бала қобалжып, күйзеліске ұшырады. Осыны ескеріп кішкене болсын
жеңілдік жасаса дейміз.
Жұрағат БАМАН