Даму және экономикалық
тұрақтылық, адам құқығы және құндылықтар
мен демократия мәселелері. Алдағы «Үлкен жетілік» саммитінде Ангела Меркель
осындай күн тәртібін ұсынбақ. Бұл туралы ол «Globe and Mail» газетіне берген
сұхбатында айтқан. Германия кацлерінің пікірінше, аталмыш мәселелер
«халықаралық қауымдастықтың жауабын талап етеді». «Біздің мақсатымыз халықтың
өмір сүру жағдайын жақсарту», - дейді Меркель. Айта кетерлігі, биылғы «жетілік»
саммиті өткен жылдағыдай Ресейдің қатысуынсыз өтеді. Ал бұл Германияның бұрынғы
канцлері Герхард Шредердің пікірінше үлкен қателік. «Ресейдің Еуропадан басқа
серіктестері көп. Сондықтан Мәскеумен қарым-қатынас біріншіден бізге ауадай
қажет» - дейді ол. Айта кетсек, қазір «Үлкен жетілікке» Германия, АҚШ, Канада, Жапония, Франция,
Ұлыбритания және Италия елдері мүше. G7 саммиті биыл 7-8 маусым аралығында
Германияда өтеді.
Жұрағат БАМАН