$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Оңтүстік Қазақстан облысында қыздың киімін киген жігіт Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға әрекеттенген

AstanaTV
03.06.2015ж. 20:00
1814
Оңтүстік Қазақстан облысында қыздың киімін киген жігіт Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға әрекеттенген

Оңтүстік Қазақстан облысында қыздың киімін киіп алған жігіт Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға әрекеттенген. Осындай сорақы жағдай мемлекеттік сынақтың алғашқы күнінде Мақтарал ауданында тіркелді.

Нұржан Боранбаев, ОҚО Мақтарал ауданының прокуроры:

Ішкі істер органы қызметкерлерімен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Себебі іс қозғалған 383 бабымен. Бұл бап бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл көзделген. Біз қазір қыз бен баланың толық аты-жөнін айтпай жатқан себебіміз - қыздың жасы кәмелетке толмаған. Сондықтан оның психикалық жүйкесіне әсер тигізбесін деп, айтпай отырмыз.

Ғаламтор беттерінде жарияланған мына суретте жігіттің қыз кейпіне ену үшін, біраз еңбектенгені көрініп тұр. Тек оның қолындағы төлқұжат пен сырт келбетіндегі сәйкессіздіктерді комиссия мүшелері байқап қалады. Мақтарал ауданы прокурорының айтуынша, жиырма жастағы бозбала сүйіктісінің орнына тест тапсыруға келіпті. Ол Ақтөбе облысының тумасы. Халықаралық жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Енді осы келеңсіздіктен кейін мектеп бітіруші қыз бала сынақтан шеттетіліп отыр. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ