$541.93 €636.71 ₽6.83
×

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
3479
Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы

«Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» деп өзі жазса да, оның туған күнін ұмытып кету мүмкін емес. Осы аптада қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы атап өтілді. Оның жеке басына, творчествосына байланысты сүбелі естеліктер де, ақиқатынан гөрі аңызы басым әңгімелер де жетеді. Ақын шығармашылығын зерттеген, өзімен жақын араласқан азаматтар ғана Мақатаев феноменін түсіндіре алады.

Оразақын Асқар, ақын, мұқағалитанушы:

Дәптер, общий тетрадь дейді ғой, соған жазған қолжазбасы бар. Соның ішінде  қара өлеңді тауып алдық. Соны оқысам, 5-6 шумақ аяқ жағында «Абайға тән өлең маған да тән, келсін мейлі, келмесін тәржімаға, Абайдың өлеңдері оқитыным оңаша  үйде отырып әр жұмада»  дейді. Дұғам менің оқитын дейді, қара өлеңде сондай жолы бар екен. Ал ол Кеңес үкіметі кезінде цензура болған соң, соны алып тастаған.

Ертең 20.00 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан Мұқағали Мақатаев жайлы арнайы материалдан бөлек, «Жалғыздық синдромына» қатысты сюжет көре аласыздар.