Түлектердiң 20 пайызы Ұлттық
Бірыңғай Тестілеу сынағында 100-ден астам балл жинады. Бұл туралы бүгiн
Премьер-Министрдің орынбасары Бердiбек Сапарбаев мәлiмдеді. Елордада ҰБТ өтіп жатқан пунктерді аралаған
вице-премьер түлектер отырған үш аудиторияға кірді. Оқушылардың дайындықтарын
және қандай да бір кедергілер болды ма соны сұрады. Ең бастысы, жастарды
қобалжымауға шақырып, барлығына сәттілік тіледі. Ғимарат алдында күтіп отырған
ата-аналармен тілдесті. Премьер-министрінің орынбасары «Ертең Сапарбаев келіп,
сол үшін уақытым жетпей қалды» деп шағымданбау үшін, ҰБТ тапсыру кезінде
қосымша 15 минут қосуды да тапсырды.
Бердiбек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің
орынбасары:
Біз мынау 3 күннің қорытындысын
жасап жатырмыз. Жалпы былтырғымен салыстырғанда нәтиже жаман емес. Ол деген сөз
біздің баладарымыз оқыды, дайындалды. Мынау енді сіздерге айтатынымыз, сіздер
уайымдамаңыздар, қобалжымыздар, жаңа балаларыңыздармен кездесіп шықтық, ең
негізісі, балалардың көңіл-күйі жақсы. Көңіл -күй жақсы болғаннан кейін бұйырса
деп айтайық, олар жаман тапсырмауы керек.
Берік ХАСЕНОВ