Қызылжарда
пәтер иелерінің кооперативінің жеке порталы іске қосылды. Бастама иелерінің
айтуынша, мұндай портал ел аумағында тұңғыш рет ашылып отыр. Жаңа сайтта
тұрғындар пәтер иелері кооперативі жариялаған ақпаратпен таныса алады. ПИК
төрағалары ғаламтор арқылы ай сайын халық алдында есеп береді. Сондай-ақ,
тұрғындар өз шағымын аталған порталға тіркелу арқылы жеткізе алады. Жаңа портал
тұрғындар мен ПИК төрағалары арасындағы келіспеушілікті жоюға сеп болады деген
үміт бар. Ғаламтор ресурсының шарапатын алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны
Вера Демиденко көрді.
Вера
Демиденко:
Біз
елдегі, тіпті бүкіл әлемдегі жаңалықтарды біліп отырамыз. Бірақ үйдің ішінде
болып жатқан жәйттерден хабарсызбыз. Енді осы сайт арқылы тұрғындар үйдің
жағдайын бастан-аяқ біліп отырады. Тың идеяларды ұсына алады.
Сергей
Худяков, Петропавл ПИК қауымдастығының төрағасы:
Бұл
сайт тұрғындарға ыңғайлы болсын деп ашылған. Қарапайым тұрғынның үй мәселелері
шешілмек. Қатысушылар портал ішінде төрағаны жаңадан сайлауға да құқылы. Егер
барлығы жақсы болса, біз порталды республика деңгейіне шығаруды жоспарлап
отырмыз.
Абзал ҚҰРМАНКИН