Қытайда суға кеткен кемеде
болған 65 жолаушының денелері су астынан шығарылды, - деп хабарлайды Рейтерс. Кеше
кешкісін құтқарушылар аман қалған жолаушылар табылып қалар деген үмітпен судан
шығып тұрған кеменің түбін кесті.
Құтқару жұмыстарын толассыз жауған нөсер жауын да қиындатып жіберген еді.
Кемеде бас-аяғы 456 жолаушы болған. Олардың 14-і аман қалды, 377 азаматтың
тағдыры беймәлім. Құтқарылған 14 адам ауруханада дәрігерлердің қатаң
бақылауында. Еске салайық, Нанкиннен Чунцинге бет алған «Шығыс жұлдызы» теплоходы
1 маусым күні дауылға тап болып, су астына кетті. Оның бортындағы жолаушылардың
басым бөлігі туристік сапарға шыққан қарт адамдар еді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ