$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы мұражайға табысталды

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
1479
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы мұражайға табысталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының байрағы салтанатты түрде Ұлттық мұражайға табыс етілді. Іс-шараға Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестік өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған. Бұл ұйым - этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың басты тірегі. Жыл ішінде елордадағы мәдени бірлестіктер 150-ден астам іс-шараларға қатысқан. «Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл - 20 ізгі іс» эстафетасы аясында 37 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Онда 17 миллионнан астам теңге жиналып, 7 мыңдай мұқтаж адамға көмек көрсетілген. 2015 жылды қорытындылаған Ассамблея өкілдері іс-шараны концерттік бағдарламамен аяқтады.