Жаңа оқу жылынан бастап мектептер асханаларында түскі астың құны 2000
теңге тұруы мүмкін. Бұл қаладағы мейрамханалар ұсынатын тағамның бағасымен
пара-пар. Шағын және орта бизнес өкілдерінің айтуынша, астың бұлайша
қымбаттауына кәсіпкерлерге жалға берілетін асхана ғимараты құнының бақандай 900
пайызға көтерілуі себеп. Яғни ендігі жерде кәсіпкерлер пайда таппақ түгілі,
шығындарын жаба алмай қалуы да ықтимал.
Қомақты қаражатты қалтасы
көтермейтінін сезген кәсіпкерлер мен оларға қолдау көрсеткен ата-аналар
комитеті, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері бүгін Алматыда бас қосты. Ұлттық
Экономика министрінің осы жылдың наурызында жариялаған №212 бұйырығына сәйкес,
Мемлекеттік мүлікті жалға беру заңында көрсетілген ережелер қайта қаралуы тиіс, деп санайды. Әйтпесе оқушыларды сапалы тағаммен қамтамасыз ететін тәжірибелі
аспаздар жұмысын тоқтатпақ ниетте.
Жангелді Сүлеймен, ҚР адвокаттар алқасының өкілі:
Қазір жалға берілетін мектеп асханасының құны кеңселердің бағасымен
теңестірілді. Бізде орта білім тегін ғой. Сондықтан оған қарайтын асхана
ғимаратының құны шарықтамауы тиіс. Ұлттық экономика министрінің бұйрығы кері
қайтарылсын. Немесе кәсіпкерлер ай сайын төлеп келген бұрынғы бағаны
қалдырсын.
Айгүл ЕРМАХАН