$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде екі кеме соқтығысты

AstanaTV
10.06.2015ж. 20:00
1463
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде екі кеме соқтығысты

«Қашаған» кен орнында апат. Кеше түнгі сағат 2 шамасында «Д» аралынан 12 шақырымдай жердегі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде екі кеме соқтығысты. Жергілікті төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, «БИЮИ Текес» компаниясына қарасты жолаушылар тасымалдайтын кеме зәкірде тұрған «ЕВ-103» маркалы баржамен соқтығысқан. Нәтижесінде экипаждың үш мүшесі зардап шекті. Оның бірі - қазақстандық, екеуі Грузия азаматтары. Айта кетейік, Қашаған кенішіндегі теңіз жұмыстарын жүзеге асырумен «ЕрСай» компаниясы айналысады. 

Нұрлан Жаңабаев, Атырау облыстық ТЖД басқарма бастығы:

«БИЮИ Текес» компаниясының жолаушылар таситын кемесінің П-1 қонақ үйіне дейінгі аралықты өту кезінде баржаға соқтығысқаны орын алды. Қазіргі уақытта тергеу-анықтау амалдарын жүргізумен құзырлы органдар айналысуда. Облыстық ауруханаға түскен 3 адамның біреуі сол бойда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне шығарылды. Қазіргі уақытта облыстық ауруханада Грузия Республикасының екі азаматы жатыр.

Бұл екі азамат та - «Топаз марин» компаниясының қызметкерлері. Біреуінің жағдайы - орташа. Ал кеме механигі 56 жастағы ер адам түс ауа облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайының ауыр екенін айтады. Компания өз қызметкерін бүгіннен қалдырмай шетелге алып кетуге қамданып жатқан көрінеді.

Ербол Иманғалиев, Атырау облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

Бас ми жарақатына байланысты, ашық ми жарақатына байланысты, мидың қатты соғылуы, маңдай сүйегінің сынуы, үстіңгі және төменгі жақтың сынуы, соған байланысты науқастың жағдайы ауыр, қазір тұрақты. Науқас бізден консервативті ем алуда. Сақтандыру компаниясы арқылы науқасты компаниясы шетелге емін жалғастыруға алып кетеді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ