$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Оңтүстік Кореяға баруды жоспарлаған жеті мыңға жуық турист сапардан бас тартқан

AstanaTV
05.06.2015ж. 10:00
1324
Оңтүстік Кореяға баруды жоспарлаған жеті мыңға жуық турист сапардан бас тартқан

Жеті мыңға жуық турист, Оңтүстік Кореяға жоспарлаған саяхатынан бас тартқан. Оған елде тараған жұқпалы коронавирус себеп болған. Бұл жайында «Рейтерс» агенттігі Корей туристік ұйымына сілтеме жасап жазады. Ақпарат агентігінің дерегіне сәйкес, жолдамадан бас тартқандардың басым бөлігі, Азияның бірқатар елдері мен Қытай туристтері. Оңтүстік Корейда коронавирус қауіпті жұқпасынан үш адам көз жұмған. Қазір курорт қожайындарынан да маза қашты. Өйткені, осы уақытта қонақүйлерге тапсырыстың үздіксіз түсетін кезеңі. Алайда, биылғы көрсеткіш 20 пайызды ғана құрап отыр. Болжам бойынша, вирус жұқтырғандардың саны өскен сайын, саяхат турларынан бас тарту оқиғасы көбейе түспек. Ажалға алып келетін вирусты жұқтырғандардың саны, соңғы бір тәулікте бес адамға артып, 35-ке жетті.

Әсем МҰХИТОВА