2015 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 247,3 миллиард теңге
қаражат жария етілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің өкілі Ерлан Сағынаев мәлімдеді. Айтуынша, қазақстандықтар
мемлекеттен тыс жерлерде орналасқан 10 нысан мен 228,8 миилион теңгеге бағалы
қағаздарды жария еткен. Ал, Республика аумағында 25 414 нысан және 178,5
миллиард теңге жекешелендірілді. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің
айтуынша, бүгінде науқанның тартымдылығын арттыру мақсатында мүлікті жариялау
туралы 8 заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Айта
кетейік, Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы 2014 жылы 1 қыркүйекте
басталған.
Ерлан Сағынаев, Мемлекеттік кірістер комитеті Тәуекелдер, талдау және
статистика басқармасы басшысының орынбасары:
Қазір жария етілген қаржыны инвестициялау мүмкіншілігін арттыру мәселесі
қарастырылуда. Сондай-ақ, науқанның тартымдылығын арттыру мақсатында
шетелдердегі мүліктерін жария еткен азаматтарға мемлекеттік алымды 5 пайызға
дейін азайтпақпыз. Ал ел ішінде мүлкін жариялаған азаматтарды мемлекеттік алымнан
мүлде босату көзделуде.
Жұрағат БАМАН