Республика бойынша Ұлттық
бірыңғай тестілеуден 4 түлек ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 125 балл жинады. Олар: Астана, Тараз, Батыс Қазақстан
және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мектептерінде білім алған оқушылар. Ал
шекті деңгей саналатын 50 баллды жинай алмаған түлектер саны 10 349-ға жетіп
отыр. Айта өтейік, бұл - ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күндік қорытындысы ғана.
Әзірге, еліміз бойынша 100-ден астам балл жинағандар саны 10 мыңға жуықтап
қалды. Бұл тестілеуге қатысуға ниет
білдірген түлектердің жалпы санының
17,4%. Жалпы биыл ҰБТ еліміздің 165 пункттерінде өткізіліп жатыр.
Оған 87 783 түлек қатысуда. Максималды 125 балл жинағандар - 4 түлек, шекті деңгейдегі
50 баллды жинай алмағандар - 10 349 түлек, 100 баллдан артық жинағандар - 9 779
түлек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА