Теңіз
жағалауына демаламын деп барып, өзге елде тентіреп қалған туристердің алды
Алматыға келе бастады. Кеше кешкісін «Эйр-Астананың» Анталия-Алматы бағытындағы
әуе рейсі мегеполис әуежайына келіп қонды. Жолаушылар арасында «Travelsystem»
туроператорынан опық жеген екі турист те бар. Жолаушылар елге жетісімен
«уайым-қайғы сейілді», - дейді.
Амина Ашуева, саяхатшы:
Ол жақта қаншама адам
паналайтын жер таппай қаңғырып жүр. Арасында балалар бар. Бірақ оған қарап
жатқан ешкім жоқ. Бізде жолдаманы «Travelsystem» компаниясынан алғанбыз.
Демалыс уақытымыздың аяқталарына екі күн қалғанда қонақ үйден шығарып тастады.
Өз қалтамыздан қаражат қарастырып, бір күн түнеп шықтық.
Естеріңізге сала кетейік, «Travelsystem» туроператоры өзінің банкротқа
ұшырағанын ресми сайттарынада жария етті. Қонақ үйдің ақысы мен кері қайтатын
билет бағасы төленбегендіктен, Түркияда мыңға жуық саяхатшы далада қалды. Қазір
мәселені тездетіп шешуге құзырлы
органдар жұмылдырылған.
Айгүл ЕРМАХАН