$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Бес жүзден астам Ресейлік турфирма нарықтан кетті

AstanaTV
05.06.2015ж. 13:00
1020
Бес жүзден астам Ресейлік турфирма нарықтан кетті

Ресейде халықаралық туризм саласында қызмет көрсетіп жүрген 500-ден астам компания бизнестен кетті. Бұл туралы  ақпарат «Роспотребнадзор»-дың сайтында жарияланған. Биылғы мәлімет бойынша, Ресейде жыл басында қаржылық кепілдігі 30 миллион рубльді құрайтын 1 мың 380 туроператор тіркелген. Олар негізінен халықаралық бағытта қызмет етіп келген агенттіктер болатын. Ал, он бесінші сәуірдегі Бірыңғай федералдық тізімде олардың саны бар жоғы 800-ге түсіп қалғаны байқалады. Барлығы да қаржылық дағдырыстың салдарынан қызметін тоқтатқанға ұқсайды. Өйткені, ресейліктер шетелге шығып демалудан бас тартып жатыр. Тіпті, соңғы жылдары ресейлік туристердің саны шамамен 4 пайызға азайған. Яғни, 600 мың адамға қысқарған. Түркия, Мысыр, Қытай, Тайландқа жиі баратын ресейліктер енді демалысын Қырым мен Сочиде өткізуді қалайды екен.

Берік ХАСЕНОВ