$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Янцзы өзенінде кеме апатынан қаза тапқандардың саны 97 адамға жетті

AstanaTV
05.06.2015ж. 13:00
1484
Янцзы өзенінде кеме апатынан қаза тапқандардың саны 97 адамға жетті

Қытайдың Янцзы өзенінде кеме апатынан қаза тапқандар саны 97 адамға жетті. Бұл туралы елдегі телеарналардың бірі Твиттердегі парақшасында хабарлады. Өзенге батқан кеме қазір су бетіне шығарылған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар кеменің бортынан суды айдап сыртқа шығаруда. Жолаушылардың мәйіттері су көлігін тазалау кезінде табылды. Кемеде бас-аяғы 456 жолаушы болған. Олардың 14-і аман қалды, 377 азаматтың тағдыры беймәлім. Құтқарылғандар ауруханада дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, Нанкиннен Чунцинге бет алған «Шығыс жұлдызы» кемесі 1 маусым күні дауылға тап болып, су астына кетті. Оның бортындағы жолаушылардың басым бөлігі туристік сапарға шыққан қарт адамдар еді. Апатқа байланысты құрылған комиссия мүшелері жоғалған адамдардың тірі күйінде табылуы екіталай екенін алға тартып отыр.

Берік ХАСЕНОВ