Қарағандылық кеншілердің
жалақысы қысқаратын болды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы,
шахталардың бетінде еңбек ететін 1 жарым мың адамның әр жұмыс аптасын 1 күнге
қысқартатынын ескерткен. Яғни, кеншілер ай сайын 5 күндік жалақысынан қағылмақ.
Бұл - Митталдың кезекті ақша үнемдеу тәсілі, дейді «Қорғау» кеншілер кәсіподақ
ұйымының төрағасы Марат Миргаязов. Компания басшылығы аптаның бір күнін ақысыз
демалыс деп жарияламақшы. Демек кеншілер аптасында 4 күн жұмыс істейді.
Кәсіподақ ұйымына шахтерлардан алғашқы шағымдар да түсіп үлгерген. Шахтада
көмір қазбаса да, жөндеу, бақылау жұмыстарын атқаратын 1 жарым мың адам
жалақының азаюына наразы. Ал, «Арселор Миттал Теміртау» өз әрекетін металл мен
коксқа сұраныстың төмендеуімен түсіндірген. Жалақыны үнемдеп, өндірістік
шығынды азайтпақшы.
Марат Миргаязов, «Қорғау»
кеншілер кәсіподақ ұйымының төрағасы:
Кеншілер 4 апта жұмыс істеп,
бір күн ақысыз демалыс алады. Бұл ұсыныс болғандықтан, адамдар өз еріктерімен
келіссе ғана қол қоюы тиіс. Бірақ, компания тарапынан қысым жасалуы да әбден
мүмкін. Сондықтан, кәсіподақ ұйымы тарапынан жағдайды қадағалап, кеншілер
құқығын қорғаймыз.
Айжан ҚУАШ