Мемлекеттік
рәміздер мерекесіне қызылордалықтар да ерекше атап өтті. Аймақта қас қарайғанға
дейін созылған патриоттық шараларға тұрғындар ат салысты. Әсіресе, жастар вело
және автошеруде белсенділік танытты. Көкке ұмтылған еліміздің байрағын шаһардың
Тағзым алаңынан бастап орталық алаңға дейін он бес автокөлік пен елуге жуық
шабандоз алып өтті. Шараға жалпы саны 300-ге жуық жас буын қатысты.
Дәулет Аждар:
Бұл акцияға 300-ден астам
жастарымыз қатысып отыр. Басты мақсатымыз - біздің қазақ халқына, өзге мемлекеттерге,
көршілерімізге, барлық әлемге біздің Еліміздің рәміздерін, Еліміздің байлығын
көрсету, таныту.
Шарипа САҚТАПОВА