$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Үлкен жетілік» Ресейге деген қысымды сақтауға келісті

AstanaTV
08.06.2015ж. 10:00
1880
«Үлкен жетілік» Ресейге деген қысымды сақтауға келісті

G7 саммитінде, үлкен жетілік елдерінің көшбасшылары санкциялар арқылы Ресейге деген қысымды сақтауға уағдаласты. Бұл тақырып саммиттің алғашқы күнінде талқыланып, бірден қолдау тапты деп хабарлайды «РИА Новости». Германия, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Жапония және Ұлыбритания бастаған жетілік, осы күндері Бавария қаласында бас қосуда.

Ресей осы топқа 1998-жылы қабылданған еді. Бірақ 2014-жылдан бастап жетілік құрамынан шығарылды. Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель Ресейдің G7 саммитіне қатысуы мүмкін емес деп, - мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол Ресейді әлемдік қауіп-қатердің санатына жатқызды. Бірақ, ресми Мәскеу Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайға еш қатысымыз жоқ және Ресей Украинаның саяси-экономикалық дағдарыстан шығуына тілектес екенін бірнеше мәрте қайталап келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ