$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Түркиядағы Парламент сайлауының алдын ала мәліметі бойынша, күрдтер жеңіске жетті

AstanaTV
08.06.2015ж. 10:00
1398
Түркиядағы Парламент сайлауының алдын ала мәліметі бойынша, күрдтер жеңіске жетті

Түркияда өткен Парламент сайлауынан кейін күрдтердің Халықаралық демократиялық партиясы жеңісін тойлап жатыр. Оларға алғаш рет Парламентке жол ашылған сияқты. Алдын ала мәлімет бойынша, Режеп Тайып Эрдорғанның биліктегі партиясы көп дауысты жоғалтып алды. Бюллетендердің 90 пайызы өңделді. Оның қорытындысы бойынша, Халықаралық демократиялық партия 12,5 % дауыс жинаған. Ал Билік партиясы парламенттегі 550 орынның ең кем дегенде 367 орынын алуға үмітті. Бұл жағдай Түркия басшысына конституциялық реформа жүргізіп, Президенттік басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік бермек. Осылайша, Эрдоған өзінің билігін арттыра түспек. Алайда елде жұмыссыздық деңгейінің артуы, экономикалық түсімнің төмендеуі мен оппозицияға көрсетілген қысым оның беделіне кері әсерін тигізді. Сондықтан күрдтердің мүддесін жақтаған Халықаралық демократиялық партиясы Парламентте 50 орынды алуы ықтимал.

Адем Кайран, Халықаралық демократия партия жақтасы:

Бұл күрдтер үшін үлкен жетістік. Біздің партия ол саяси күш. Ол керек болған жағдайда өз күшін қолдануға үнемі дайын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ