$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі басталатын күн таяу

AstanaTV
08.06.2015ж. 20:00
1407
Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі басталатын күн таяу

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі басталатын күн де таяу. Оның аясында ертең Президент Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Ал маусымның 10-ы мен 11-і күндері Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін съездің жұмысына қатысады. Сондай-ақ съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА