«Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы
төрағасы Серік Баймағамбетовке зәбір көрсетті» деген күдікке іліккен
абақты қызметкерлерін тергеу аяқталды. Қазір олар қылмыстық істің
материалдарымен танысуда. Мұнан соң іс сотқа жолданады. Бұл жайында «Астана» арнасының сауалына облыстық
арнайы прокурорлар басқармасы жазбаша жауап берді.
Серік Баймағамбетов бір
жарым жылдай бұрын темір тордың ар жағында зәбір көргенін айтып, шағымданған.
Экс-шенеунік ол кезде Қарағанды облысының Долинка кентінде қатаң тәртіптегі
түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан еді. Оның арызынан кейін абақтының
бірнеше қызметкері сотталушыға моральдық-психологиялық қысым көрсетті деп
айыпталды. Ал сот-медицина сарапшылары Серік Баймағамбетовтің денесінен қандай
да бір зорлық белгілерін таппаған.
Еске салсақ, Астананың қылмыстық
істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 2013 жылы қаңтарда экс-шенеунікті
пара алғаны үшін он жылға соттаған еді. Ал биыл ақпан айында ол шартты түрде
мерзімінен бұрын босатылды.
Жұрағат БАМАН