$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жалған банкроттық жасады деген күдікпен 29 кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
08.06.2015ж. 20:00
5845
Жалған банкроттық жасады деген күдікпен 29 кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада жалған банкроттық жасады деген күдікпен 29 кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Асқат Мықитан мәлімдеді. Айтуынша, жыл сайын елордада 100-ге жуық кәсіпорын өзін-өзі банкрот деп жариялайды. Бұл тіркелген салық төлеушілер санының 0,15 пайызы.

Жалпы сот шешімімен 2012 жылы 208 кәсіпорын, 2013 жылы - 126, ал 2014 жылы 93 кәсіпорын банкрот деп танылған. 2015 жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығында Астанада 20 кәсіпорын банкрот болған.

Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық» туралы заңына қол қойған болатын. Құжатта жалған банкроттықтың алдын алу мен жүйені реформалауға қатысты нақты жоспарлар белгіленген.

Асқат Мықитан, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы:

29 мекеме бойынша жалған және өтірік банкрот белгілері бойынша экономикалық тергеу басқармасына құжаттар жіберілді. Қазір ол мекемелер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір әлі де алда барлық банкрот кәсіпорындар бойынша, біз осындай анализ жүргізіп, материалдарын тергеу басқармасына жіберетін боламыз.

Жұрағат БАМАН