$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ел экономикасына ірі трансұлттық компанияларды тартудың маңызы зор

AstanaTV
08.06.2015ж. 20:00
1452
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ел экономикасына ірі трансұлттық компанияларды тартудың маңызы зор

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ел экономикасына ірі трансұлттық компанияларды тартудың маңызы зор. Осының арқасында сыртқы нарыққа ұялмай шығаратындай, «Қазақстанда жасалған» белгісіндегі тауарлар өндіруге қол жеткіземіз. Яғни Қазақстанның бренді қалыптасып, әлемдік нарыққа жол тартуына мүмкіндік жасалады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұңғыш Президент кітапханасы стратегиялық зерттеулер және болжамдар бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Анар Рақымжанова осылай деді. Оның айтуынша, бұл жұмыстарда әсіресе ауыл шаруашылығы секторына басымдық берген тиімді.

Анар Рақымжанова, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы стратегиялық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері:

Трансұлттық корпорациялар өз өнімінің сапасын арттыруға барынша мол үлес қосу жолында еңбек етеді. Біздің басты мақсатымыз - сол механизмдерді пайдалана отырып, өз брендімізді қалыптастыру, экономиканы ілгерілету. Тоқтала кететін жайт, қазірдің өзінде қайта өңдеу өнеркәсібі саласына шетелдік инвесторлар тарту тәжірибесі елімізде айтарлықтай жақсы нәтиже берді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА