$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елдегі ең ұзын адамдар Алматыда бас қосты

AstanaTV
08.06.2015ж. 20:00
1807
Елдегі ең ұзын адамдар Алматыда бас қосты

Қазақстандағы ең бойшаң адамдар Алматыда бас қосты. Әр өңірден келген 60-қа тарта алып азаматтарды көруге жұртшылық 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына жиналды. Олар ерекше адамдармен жеке танысып, аса бойшаң жандармен бірге естелікке суретке түсті.

Қазақстанда «ұзын адамдар» қоғамдастығы осыдан екі жыл бұрын құрылған. Оған мүше болып табылатын бойшаң адамдар саны 300-ден асып жығылады. Қоғамдастық мүшелері бойының аса биіктігінен қолайсыздық көріп, жапа шегетінін айтуда. Алыптар үшін әсіресе қоғамдық көлікте қозғалу айтарлықтай қиындық туғызатын көрінеді. Алайда, табиғи жаратылыстан ешкім қашып құтыла алмайтынын алға тартқан ұйымдастырушылар ұзын адамдарды көпшілікпен жүздестіруді жөн санады. Шараға қатысушы ең ұзын жігіттің бойы 2 метр 10 см құрады. 


Айгүл ЕРМАХАН