Шымкентте 83 жастағы қария, балақайларға азғындық жасады деген күдікке ілінді. Мына кадрлерді тұрғындардың өздері ұялы телефонға түсіріп алған. Ауладағы сырғанақта ойнап отырған жасы төрт-бестердегі қыз баланың қасында қарияның тым жақын тұрғаны көрінеді. «Ол баланың аңғалдығын пайдаланып, қыздың қолын денесіне тигізген»-дейді тұрғындар. Ата-аналардың айтуынша, соңғы бір жарым жыл бойында қария осындай әдепсіз әрекетке барып жүрген.
Ата-аналардың шошынып айтқан сөздері: Менің екі бірдей кішкентай қызым бар. Бірі бақшаға, бірі мектепке енді барды. Мен оларды аулаға қалай жіберем. Қызым айтып тұр бүгін :«ия, біз ол атадан қорқып қашып жүреміз. Маған да тиіскен», - деп. Бұл не деген масқара?
Тұрғындардың шағымы бойынша оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жетті. Азғындық жасады деп күдікке ілінген қарт осы жәйттен соң денсаулығы нашарлап ауруханаға түсіп қалған көрінеді. Жағдайы жақсарған соң ол қамауға алынуы мүмкін,- дейді облыстық ішкі істер департаментінің басқарма басшысы Салтанат Қаракөзова.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Осы жәйт бойынша ҚР ҚК 124 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол - жас балаларға азғындық әрекет жасау. Қазіргі таңда күдікті азамат ретінде 1932 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Оған байланысты сот психиатриялық сараптама тағайындалды.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ