Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы 13 жылда алғаш рет парламенттегі көпшілік
орыннан айырылған соң, түрік лирасының бағамы рекордтық минимумға дейін түсті. «Партия тек 41 пайыз дауыс жинады»,
- деп жазады «Рейтерс». Инвесторлар әу баста «Әділет және даму» партиясы қажетті дауыс жинап, министрлер кабинетін
қалыптастыруда қиыншылықтар туындамайды», деп болжаған.
Десе де, саяси ұйымның бұл жеңілісі, дамып келе жатқан нарықтағы аса
драмалық оқиғалардың бірі деп сипатталып отыр. Қазіргі таңда түрік лирасы даму
қарқыны бәсең валюталар қатарына еніп үлгерді. Бір доллар 2,799 лираны құрайды.
Яғни түрік валютасы бақандай 5 пайызға құнсызданған.
Серхат Гүрлейен, қаржы сарапшысы:
Негізінде лира сайлаудың алдында құлдырай бастаған еді. Қазіргі таңда
валюта бағамы одан сайын түсіп кетті, бұл инфляциялық жағдай тудыруы мүмкін. Өз
кезегінде Орталық банк пайыздық мөлшерлемелерін жоғарылатуы да ықтимал деп
болжам жасап отырмыз.
Жұрағат БАМАН