$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жекешелендіру «күнделігінен»...

AstanaTV
13.02.2016ж. 20:00
2220
 Жекешелендіру «күнделігінен»...

«Аса маңызды» деп саналатын жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысын барласа, бейнелеп айтқанда «паровоздың алдына шыққан вагондар» көрінеді. Мысалы, Павлодар облысының әкімі өңірдегі мұнай өңдеу зауытын алдымен модернизациялап алып, сосын барып жекешелендіруді айтып отыр. Ал жекешелендірілетін нысандардың тізіміндегі «Астанаэнергосервис» компаниясы басшыларының бірі  «сатылуға түссек те, жекешелендірудегі «аға сатушы» «Самұрық-Қазына»ға ешқандай қатысымыз жоқ» - деп, бағдарламаның біздегі дәстүрге сай, «бюрократия заңдарынан» шыға алмағанын, қисынсыз, қарама-қайшы бөліктері барын дәлелдеді. Келесі материал «жекешелелендіру күнделігінен». Мөлдір Бақытқызы жалғастырады.    

Былтыр 5 рет ауцкионға шығарылып, әрең сатылған облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы осы. Науқан аясында Оралда сатылған жалғы мекеме. Негізі 10 нысан саудаға шығарылған-тын. Мұнда студенттер мен мектеп оқушылары арасында түрлі флеш-моб, спартакиада өтеді. Қалаберді, массаж, физиокабинет, қан қысымын өлшеп беру секілді қызметтер көрсетіледі. Қазір бір қожайыны бар.

Жеңіс Нығметуллин, «БҚО қаржы басқармасы» ММ бөлім басшысы:

Құны төмендеп почти екі есеге. 17 млн теңгеге жеке тұлға сатып алды.

Сатып алған Жиенбаев Нұрлан Қуантемірұлы деген бизнесмен.  Астанадан.  Төрт жыл бойы орталықтың жұмыс бағытын сақтап қалу шартымен иеленген. Төрт жылдан кейін, не істесе де өзі біледі. Биылға дейін жекешелендірудің белгілі бір талаптары болған. Бағытын, жұмыс орынын сақтап қалу, инвестор тарту дегендей. Қазір бір ғана шарт.  Екі жақ белгілі бір уақытқа дейін нысанның профилін сақтау туралы өзара келіседі. 5 жыл, 10 жыл тағысын тағы. Ал жұмысшылардың тағдыры жаңа қожайынның қолында.

Жеңіс Нығметуллин, «БҚО қаржы басқармасы» ММ бөлім басшысы:

Осыған дейін қызмет атқарған штат санына келетін болсақ олар сақталып қалады да деген, ол сатып алған кісінің қалауы ондай талап мемлекет тарапынын қойылған жоқ. Алған кісі 5 кісімен жұмыс жасай ма 15 кісмен жұмыс жасай ма қалтасына қарай шешім қабылдайды.

Үкімет мәжбүр. Өйткені, өтпей тұрған нысандар жетеді. Мәселен Қызылжардағы Александр Винокуров атындағы велоклуб сияқты. Әйгілі велошабандозға еліктеп  жүзден астам жеткіншек осында үйірмеге келеді. Биыл Солтүстік Қазақстан бойынша барлығы 23 кәсіпорын саудаға шығарылған. Оның он тоғызы былтырдан өтпей тұрғандар. Көбі шығынға батқан коммуналдық мекемелер.

Марат Жамалиев, СҚО Қаржы басқармасы басшысының орынбасары:

Былтыр қалып қойған 19 кәсіпорын - аудандарда су мен жылуға жауап беретін мекемелер. Тариф құны төмен болғаннан кейін оларды ешкім алғысы келмейді. Себебі, табыс аз.

Ал алматылық аудиторлар шаһарда жекеге сатылатын 30 обьектінің 10-ы ғана табысты екенін есептеген. Шығынға батып жатса, бұл менеджменттің әлсіздігі. Қала әкімі Байбек науқан бюджеттің бүйірін толтырады және басқару деңгейін көтереді деп сенеді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Біз бұл мекемелерде аудит жүргіздік,  өкіншке қарай отыздың оны ғана табыспен жұмыс істейді... Уверен, приватизация даст возможность не только пополнить бюджет, но и новое качество управление.

Иә, құйқалы компанияларды қағып әкетуі мүмкін. Есесіне, үш айналымда да сатылмай қалған ортаңғол мекемелер тарап тынбақ. Ол мыңдаған адамдардың күнкөрісі.

Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі:

В случае отсутствия покупателей на такие торги, объект подлежит полной реорганизации или ликвидации. 

Үкіметтегілер биыл 1123 нысан сатылады деп жария еткен. Оның ішінде құны 5 млрд теңгеден жоғары 65 ірі компания сатылады. Бастапқыда айналдырған үш мұнай өңдеу зауытының акциялары 100 пайыз сатылуы мүмкін десе, жуырда «Қазмұнайгаздың» нақты тоқтамға келмегені белгілі болды. 

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» Басқарма төрағасы: 

Қауіпсіздік көзқарасынан алғанда ұлттық компания акциялар пакетінің 49 пайызын өзінде қалдыруы тиіс. Қайталап айтамын, соңғы шешім әлі шыққан жоқ.

Ал Атырау мұнай өңдеу зауытын сатып алатындар млрдттаған доллар қарызды мойындарына алуы тиіс. Ароматика және мұнайды терең қайта өңдеу кешеніне қомақты қаражат құйылған.  Яғни жаңғырту үшін алынған қарыз.

Сауат Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» Басқарма төрағасы: 

Зауыт сатылған жағдайда егер ол іске асса, әлеуетті инвестор 3 млрд доллар қарызды өтеуді өз мойнына алады. Сондықтан сатуды сыйлық деп санауға болмайды.

Павлодардағы МӨЗ-ді жаңғырту келесі жылы ақталады. Зауыт содан соң сатылуы тиіс деді Қанат Бозымбаев. Павлодар облысының әкімі. Меншік иесі ауысқанмен, жаңғырту жалғасады. Демек, МӨЗ тағы қарыз алады. Бұл сату барысын одан сайын қиындатады. Оңай жолы, бастаған істі аяқтап, өткізу деп санайды. Бірақ, Бозымбаев та соңғы шешім қабылданған жоқ деп отыр.  

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

Жекешелендіру жөнінде нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Барлығы Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының иесі «Қазмұнайгаздың» қаржылық ахуалына байланысты.

Кезінде Ресейден шыққан мұнайды өңдеу үшін салынған біздің зауыттарды «Роснефть» немесе «Лукойл» сатып алуы мүмкін деген сыбыс шыққан. Қазір теріскейлік көршілердің оған мұршасы жоқ. Одан гөрі Қытайдың мүмкіндігі басымырақ дейді сарапшылыр. Ал, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзімізден шыққан байларға құлаққағыс жасап бақты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:

Тыққандарыңды әкеліп, қашан тауып алар екен деп үрейленбей, заңдастырыңдар. Әкеліңдер де, жекешелендіруге қойылған ірі кәсіпорындарды жекешелендіріп, өздерің де табыс табыңдар, халыққа да жұмыс беріңдер.

Бізде оған шамасы жететіндер бар. Мысалы 2011 жылы Қазақстан азаматы Игорь Школьник Орынбор облысындағы "Ор" мұнай өңдеу зауытын сатып алғанын, кейін "Русьнефть"-ге шамамен 1 миллиард долларға қайта сатқанын ресейлік басылымдар жарыса жазды. 32 жастағы  Игорь Школьник "Форбс" журналының мәліметінше Қазақстандағы ең бай елу адамның бірі. Алайда үлкен Школьник ұлына қатысты  ақпарды жоққа шығарған-тын.¤

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі  (26.01.2015):

Менің ұлым ештеңе сатпайды да, сатып та алмайды. Пресса таратқан мәліметке келсек, менің білуімше ұлым соңғы үш жыл ішінде ештеңе сатып алған жоқ. Сатқан да жоқ. Ал басқасы туралы жазғандардан сұрап алыңыздар.

Жә, біздің науқан жайлы. «Самұрық-Қазына» активтері де жаппай сатылады. 43 стратегиялық және 182 орта кәсіпорын тізімге іліккен. Бірақ, кейбір компаниялар «Самұрықтың» қатарына қалай өтіп кеткендерін түсінбейді. Бұл «аса маңызды» деген бағдарламаның бюрократия «заңдарынан» шыға алмағанын, қисынсыз, қарама-қайшы бөліктері барын дәлелдейді.

Марлен Жакежанов, "Астанаэнергосервис" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары:¤

Насколько я видел мы входим в список по приватизации по Самруку, но на самом деле мы к Самруку никакого отношения не имеем.

Айтпақшы, мыңдаған салымшылардың ақшасына құрылған «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі де сатылады. Бейресми дереккөздер оған немістің қаржы институты қызығушылық танытқанын айтты. Үкімет мүшесінің былтырғы баяндамасынын үзінді.

Ерболат Досаев, Ұлттық экономика министрі:

Бүгінгі жекешелендірудің негізі мақсаты мемлекеттік активтерді барынша тиімді меншік иесіне өткізу жолы мен еліміздің және жеке бизнестің дамуына жаңа қарқын беру.

Қарқын беруі тиіс шешімінің әлі шикі тұстары көп екені көрініп тұр. Бекітілген тізімнің өзі нақты емес. Құйқалы компаниялардың қанша пайызы сатылатыны белгісіз. Ал беттерін сүрлеп ауқаттыларға арналған глянц журналдарға шығатындар «үндеуге» құлақ асып - мүліктерін заңдастырып, жекешелендіру процесіне қашан бел шешіп кіріседі, ол жағы да беймәлім. Мүмкін  журналға шығу «сәнсіз» болып қалатын  шығар...

Мөлдір Бақытқызы, «Біздің уақыт».