$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қытай G7 елдерін орынсыз ескерту жасамауға шақырды

AstanaTV
10.06.2015ж. 10:00
1449
Қытай G7 елдерін орынсыз ескерту жасамауға шақырды

Қытай G7 елдеріне орынсыз ескертуден аулақ болуға кеңес берді. Арнайы брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі осындай мәлімдеме жасады. Оның пікірінше «Үлкен жетілік» елдері соқыр сенімнің жетегінде кетпеуі тиіс. Саммит нәтижесі бойынша G7 Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі аумақтық үлесіне қатысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді. Онда Оңтүстік Корея мен Жапонияның да таласы бар Сенкаку аралы орналасқан. Саммиттен кейін «Хауньцю шибао» басылымы «Украина дағдарысынан кейін G7 АҚШ-тың Ресейді тұншықтырушы уәзіріне айналды. Ал топтың саяси тұрғыда бекемделе түсу әрекеті экономикасына кері әсер етіп жатыр», - деп жазды. Егер «Үлкен жетілік» Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытайдың аумақтық мүддесіне қысым көрсетсе, онда қатты адасады, -  деп жазады мақала авторы.

Хун Лэй, ҚХР СІМ ресми өкілі:

Біз жетілік елдерін соқыр сенімге емес, дәйектерге сенуге шақырамыз. Орынсыз ескетулер айтқанша, мәселені шешуде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосқаны жөн.

Мөлдір ДЮСЕКИНА