«Болашақ»
қауымдастығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Старп-ап» байқауларын
жариялады. Бәйге келесі аптадан басталады. Осылай деп қауымдастық кеңесінің
төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. Айтуынша, жобаны демеушілер
қаржыландырмақ. Грант мөлшері әлі нақтыланбаса да, жеке бизнес ашуға жетерлік
болады, - деп сендірді Бишімбаев.
Қуандық
Бишімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы, «Болашақ» қауымдастығы
кеңесінің төрағасы:
Бір
грант болады. Жеңімпаз шамамен 10-15 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа ие
болмақ. Әділ қазылар қатарында ірі бизнес иелері болатынын ескерсек, олар да
қосымша ақша беруге әзір екендерін айтып қалды.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА