$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Шымкентте 35 теңгеге сатылған бөлкенің бағасы енді 37 теңге болып белгіленді

AstanaTV
10.06.2015ж. 13:00
1392
Шымкентте 35 теңгеге сатылған бөлкенің бағасы енді 37 теңге болып белгіленді

Шымкентте нан қымбаттады. 35 теңгеге сатылған бөлкенің бағасы енді 37 теңге болып белгіленді. Наубайханадағылар мұны ұнның қымбаттауымен байланыстырып отыр. Олар салмағы елу келілік бір қап ұнды 2700 теңгеден сатып алып жатқандарын айтады. Ұн бағасы бұған дейін 2300 теңге болған. Айта кетейік, әлеуметтік нанның босатылым бағасы 32-33 теңге болып келді. Дүкендер оны 35 тен сататын. Енді босатылым құны 35 тенге, ал сатылым бағасы - 37 теңге болды. Бірақ қаланың шеткері аумақтарындағы дүкендер нанды 40 теңдеген сатып жатқаны жөнінде мәліметтер бар. «Нан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың сөзінше, ұн бағасы бір ай бұрын көтерілген. Нан бағасын қалпында ұстау шығынға ұшырататындықтан, осындай шешімге келдік дегенді айтты.

Әбдімәлік Көмекбаев, «Нан қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Біз 35 теңгеден сауда нүктелеріне нанды жеткізіп, ол 37 теңгеден сатылатын болып белгіленді. Бұл тірлік облыс әкімиятымен, ауылшаруашылық департаментімен, қалалық әкімияттармен келісіп істеп отырған жағдай. Ұн енді республиканың масштабында қымбаттап тұр ғой. Ол енді бірдеңеге себепті деп айта алмаймыз, бүкіләлемдік кризис келіп жатқаннан кейін әр жерден өзіміз экономдап жатырмыз ғой. Мүмкін ұнға беріліп жатқан субсидияның көлемі азаюы мүмкін.

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ