$498.55 €524.28 ₽4.75
×

«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының лидерлері арнайы тренингтен өтуде

AstanaTV
10.06.2015ж. 13:00
1517
«Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының лидерлері арнайы тренингтен өтуде

Кәсіби медиаторлар мен «Нұр Отан» партиясының жоғары саяси менеджмент мектебінің қызметкерлері еліміздің түкпір-түкпіріндегі бастауыш партия ұйымдарының басшыларына тренингтер өткізуде. Осылайша, Өскемен қаласының 60-тан астам партиялық көшбасшылары тиімді диалог құру, сауатты сұхбаттасу сынды дәрістерді меңгеріп алған. Партиялық мектептегі дәріс үйреншікті сабаққа ұқсамайды. Өйткені 2 жыл бұрын партияның саяси менеджмент мектебі ребрендинг өткізіп, оқытудың академиялық формасынан практикалық тренингтерге көшкен. Сондықтан, ұстаздар теорияға тоқталмастан, бірден жаттығуларға көшті. Бірінші тапсырмаға сай, топ-топқа бөлінген партиялық лидерлер өз өмірлік ұстанымдарын мейілінше әсерлі етіп баяндап берулері шарт. «Сам я по специальности строитель, люблю созидать в людях люблю ответственность». «Красивая, веселая, у меня два замечательных сына, а в людях ценю честность и открытость». Осылайша бірнеше минут ішінде 60-тан астам партиялық ұйым көшбасшылары әріптестері жайлы толымды ақпарат ала білді. Әр команда сондай-ақ, графикалық суреттерін де таныстырды.

Елена Камертц, Жескент БПҰ жетекшісі:

Осындай семинарлар адамдардың тілдесу, сұхбаттасу мәдениетін дамытуға септеседі. Біздің жұмысымызда бұл өте маңызды. Неге десеңіз, біздің партиямызға түрлі сұрақтармен тұрғындар жиі келеді. Оларды тыңдай біліп қана қоймай, психологиялық жәрдем бере алуымыз керек.

Жәнел Сариева, «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің қызметкері:

Осы тектес тренингтер тұлғаның білімге деген құштарлығын оятып, өзі оқып білгенін тереңдетуге септеседі.

Бастауыш партиялық ұйым - құрамында кем дегенде үш мүше болса құрылады. Айта өтейік, елімізде 100 адамнан тұратын бастауыш ұйымдардың саны басым. Ал 500-ге жуық адамы бар бастауыш партия ұйымдардың жалпы саны 2 мыңнан асып жығылады. Елімізде болып жатқан экономикалық, әлеуметтік реформалардың мәнін әр қазақстандыққа жеткізіп, талдау маңызды екені аян. Осы орайда аймақтардағы жергілікті партия қызметкерлерінің еңбегі елеулі екені айтпаса да белгілі. Бүгінде, Нұротандықтардың қатары жылдан жылға артып келеді. 2015 жылдың 1 маусымына жасалған статистикалық мәліметке сай «Нұр Отан» партиясының қатарына өткендер саны 860 мыңға жетіп отыр. Олардың 6 мыңдай бастауыш партия ұйымдарының мүшелері. Яғни, әрбір тоғызыншы сайлаушы «Нұр Отан» партиясының қатарынан деген сөз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА