$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Лаңкестік әрекеттерге қатысты бар азамат АҚШ әуежайларының бірінде жұмыс істеп келген

AstanaTV
11.06.2015ж. 10:00
1154
Лаңкестік әрекеттерге қатысты бар азамат АҚШ әуежайларының бірінде жұмыс істеп келген

Ал 70-тен астам лаңкестік әрекетке қатысты бар азамат АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік қызметінің тексеруінен өтіп, Америка әуежайларының бірінде жұмыс істеген. Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады. Арнайы тергеудің нәтижесінде бірқатар жәйттер анықталды. Бар мәселе көліктегі қауіпсіздік қызметінің күдікті адамдардың тізімін қарауға рұқсаты болмағанында көрінеді. Яғни, олардың адамдарды қызметке алуда бақылау жүргізу мүмкіндігі шектеулі болған. Сондай-ақ әуежайға жұмысқа орналасқысы келген 75 мыңға жуық иммигрантқа қатысты деректердің жалған екендігі белгілі болды. Бұдан алдын министрлік әуежайдағы жүктердің қауіпсіздігін тексерген болатын. Сол кезде темір детекторлардың 95 пайыздайы қолдан жасалған жарылғыш заттар мен қару-жарақты мүлде анықтамаған. Осыдан соң қауіпсіздік қызметі әуежайдағы ахуалды қатаң бақылауына алуға мүдделі болып отыр.

Берік ХАСЕНОВ