Шымкентте заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана жойылды. Көлеңкелі бизнес қаладағы «Самал -2» шағын ауданында орналасқан жекеменшік үйлердің бірінде жанданып келген. Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел-іздестіру тобы қызып жатқан ойынның үстінен түсті. Айғақты зат ретінде «покер» ойынына арналған стол табылды. Тәртіп сақшылары сондай-ақ, әртүрлі номиналдағы 900 фишка және 90 мың теңге көлемінде ақша тәркілеген. Тергеу деректеріне сүйсенсек, заңсыз ойынхананы ұйымдастырушы Арыс қаласының 21-жастағы тұрғыны. Күдіктінің ойынхана жұмысын жүргізуге арнайы рұқсат қағазы болмағаны анықталды,-деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің басқарма басшысы Салтанат Қаракөзова.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Мемлекеттік
тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Осы жәйтке байланысты ҚР ҚК-нің
307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол «Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру». Және
де бұл қылмыстық іс Мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды. Сол мемлекеттік
кіріс департаментінің қызметкерлері әрі қарай тергеу амалдарын жүргізіп, өз
процессуалдық шешімін қабылдайды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ