$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ақтауда әкім орынбасарының қызметін атқарып жүрген шенеунік тұтқындалды

AstanaTV
11.06.2015ж. 20:00
1144
Ақтауда әкім орынбасарының қызметін атқарып жүрген шенеунік тұтқындалды

Ақтауда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлім бастығы, соңғы уақытта қала әкімінің орынбасары міндетін атқарған Сағынғали Амангелдиев қамауға алынды. Уақытша оқшаулау абақтысында отырған шенеунікке қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалған. Оның біреуі - пара алу айыбы бойынша. Сенімді дерекшіден белгілі болғандай, шенеунік параны мемлекеттік сатып алулар мен тендерде құйтырқы әркеттерге қатысты алыпты.

Ербол Жұмабай, Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы:

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңығыстау облысы бойынша департаменті, 2015 жылдың 8 маусымында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімнің басшысы 1969 жылы туылған Амангелдиев Сағынғали Қалмұханұлының тұтқындалғандығын және оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқандығын, растайды. Тергеу амалдары жүргізілуі себепті бұдан басқа ақпарат жария етілмейді.

Берік ХАСЕНОВ